08 қаңтар 2024 09:18

Қазақстандықтар жол-көлік оқиғасын полиция мен сот көмегінсіз рәсімдей алады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды ресімдей алады. Бұл үшін мемлекет "Еурохаттама" арнайы мобильді қосымшасын әзірледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды ресімдей алады. Бұл үшін мемлекет "Еурохаттама" арнайы мобильді қосымшасын әзірледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қосымшаның көмегімен жүргізушілер өздері жол-көлік оқиғалары фактісін тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім береді. "Еурохаттама" арқылы жол-көлік оқиғаларын ресімдеудің міндетті үш шарты бар: Жол-көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан кезде; Жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болуы қажет. Сондай-ақ, кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушіліктер болмаған кезде; Апат салдарынан денсаулыққа залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген шығын сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ол 369 мың теңге.

"Осындай тәртіпте жол-көлік оқиғасын ресімдеу үшін мобильді телефонға "Еурохаттама" қосымшасын қосып алып, тіркелу рәсімін жүргізіп, оқиғаның фото және бейнематериалдарын салу керек. Қосымшаны тиімді пайдалану мақсатында жол-көлік оқиғасының қатысушылары жақын жердегі полиция нарядына жүгіне алады, олар оны пайдалану кезінде көмек көрсетеді.

"Еурохаттаманың" артықшылығы неде:

  • Біріншіден. Азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғаларын ресімдеу үшін полицияны күтпейді, осылайша жолдардағы кептеліс жағдайлары төмендейді.
  • Екіншіден. Жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
  • Үшіншіден. Сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады.

Егер бұрын осының бәрі 30-дан 90 күнге дейін уақытты алса, қазір хаттама тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға шамамен бес күн кетеді. Жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға және жол-көлік оқиғаларын болдырмауға шақырамыз", – деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуаныш Тілекбаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram