17 ақпан 2021 | 16:14

Қазақстандықтар қаңтарда қанша алтын құйма сатып алғаны белгілі болды

Фото ©REUTERS

Қазақстандықтар қаңтарда екінші деңгейлі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 111,5 келі 2 414 құйма алтын сатып алған Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар қаңтарда екінші деңгейлі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 111,5 келі 2 414 құйма алтын сатып алған Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы қолға алған болатын. Бағдарлама жүзеге аса бастағаннан бері жалпы салмағы 1,68 тонна 44 993 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалардың бес түрі ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске асырылғалы халық арасында ең көп сұранысқа ие болғаны - 10 грамдық құйма екені хабарланды.

Реклама
Реклама

"Жалпы сатылымдағы оның үлесі 26 пайыз - 11 654 дана. Одан кейін 100 грамм құйма - 10 572 дана (23 пайыз) және 20 грамм - 10 123 дана (22 пайыз), 5 грамм - 7 177 дана (16 пайыз), 50 грамм - 5 467 дана (12 пайыз). Негізінен өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады.

"Банктер мен банктік емес айырбастау пункттерінің клиентке ақшасын төлеп, құймаларды "күнбе-күн" сатып ала алатын мүмкіндігі - алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етуде негізгі факторға айналып отыр. Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері жалпы салмағы 3,5 келі өлшенген 133 құйма сатып алуға қабылданды. Бұл, әрине, алтын құймалардың ұзақ мерзімді инвестициялау мен жинақтау құралы болып саналатынына байланысты", - деді банк өкілдері.

Әр құйма қорғаныс элементтерімен (құймалардың айна беті, микротекст және рельефтің шеті), құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және пакеттің ашылған-ашылмағанын тексеруді жеңілдететін арнайы қаптамада шығарылады. Қорғаныс қаптамасы, сонымен қатар, құйманың сапа сертификаты бола алады. Сондықтан құйманы сақтағанда мұқият болып, ораманы ашпаған жөн.

Қазіргі уақытта алтын құймаларды Halyk Bank-те, Еуразиялық банкте, Jýsan Bank-те, Банк ЦентрКредитте, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная