Қазақстандықтар қазанда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар қазанда қанша күн демалады? Фото: Midjourney

Қазақстандықтар жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орай демалыс алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді, сондықтан бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:

  • 25 қазан, жұма - Республика күні, ресми демалыс;
  • 26 қазан, сенбі - әдеттегі демалыс;
  • 27 қазан, жексенбі - әдеттегі демалыс.
Жарнама
Жарнама

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер қосымша демалыс күнін пайдалана алады, бірақ 26 қазан жұмыс күні болады.

Айта кетейік, Республика күні мерекесіне орай демалыс 2022 жылдан бастап беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама