ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2018 | 16:32
Қазақстандықтар көлік дөңгелегін 1 желтоқсанға дейін ауыстыруы тиіс
Заң бойынша қыс мезгілінде елде жазғы көліктермен қозғалуға тыйым салынады. Жүргізушілердің көлік дөңгелегін ауыстыратын орындарға соға кетуге әлі де уақыттары бар. Бұл туралы "Колеса" хабарлайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Заң бойынша қыс мезгілінде елде жазғы көліктермен қозғалуға тыйым салынады. Жүргізушілердің көлік дөңгелегін ауыстыратын орындарға соға кетуге әлі де уақыттары бар. Бұл туралы "Колеса" хабарлайды.
"Жеңіл көліктер мен аз тонналы жүк көліктерінің желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында тек қысқы не барлық маусымға арналған дөңгелектердің кейбірімен ғана жолға шығуына рұқсат беретін талап Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде жазылған", - деп ескертеді басылым.
Ережені бұзған жағдайда 5 АЕК (12 025 теңге) көлемінде айыппұл салынады екен. Ал бір жыл ішінде осы ереже қайта бұзылса, онда айыппұл көлемі 20 АЕК көлеміне артады. Сонымен қатар, жазғы шиналардың қыста қатып қалып, тұтқырлық қасиетінен айырылуы, ең кемі алдыңғы көлікті сәл іліп кетуге мәжбүр етсе, кей жағдайда оқиғаның қайғылы аяқталуына әкеп соғуы да ғажап емес.
Қыста жүруге рұқсат берілетін бұдырлы шиналар ішінде қар ұшқыны бар үш шыңға ие тау іспеттес белгімен және М+S, M&S не M S белгілерімен таңбаланады.
Бұл ретте шина бұдырының тереңдігі кемі 4 мм болуға тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, "Бұдырлар" ("Шипы") деп аталатын белгіні автокөліктің артқы әйнегіне жапсыруды Қазақстанда міндеттеудің тоқтағанына бірнеше жыл болып қалды. Ресейде, айтпақшы, аталған талап осы қыстан бастап күшін жоғалтады екен. Біздің солтүстіктегі көршіміз қазіргі автокөліктердің динамикалық қасиеттерінің көптеген факторларға тәуелді екенін, әрі аталған белгінің өзге жүргізушілерге темір тұлпардың қозғалу ерекшеліктерін жоруға еш мүмкіндік бермейтінін енді ғана түсінген сыңайлы. Оған қоса, артқы терезедегі жапсырма қағаз шолу мүмкіндігін шектейді.
Показать комментарии
Читайте также