Қазақстандықтар көлік салығы бойынша қанша қарыз?

Фото:depositphotos.com

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, қазақстандықтар көлік салығы бойынша айтарлықтай қарыз жинаған. Елдегі жеке тұлғалардың жалпы берешегі 10,7 миллиард теңгеге жетті. Бұл ретте борышкерлер тізімінде 335 мың салық төлеуші тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ең көп қарыз Алматыда тіркелген – 2,1 миллиард теңге. Бұған 39 мың салық төлеуші жауапты. Астанада жағдай сәл жақсырақ: мұнда қарыз 1,3 миллиард теңге болады, ал борышкерлер саны 33 мыңға жеткен. Шымкент үшінші орында – 885 миллион теңге, бұл соманы 28 мың көлік иесі төлеуі керек.

Өңірлер арасында Шығыс Қазақстан облысы ерекшеленеді, онда қарыз мөлшері 213 миллион теңге болады. Бұл ұсынылған деректер арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Қарызданушылар саны 8 мың адам.

Реклама
Реклама

Еске салайық, көлік салығын төлемеу өсімпұлдың қосылуына әкелуі мүмкін. Әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама