ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қыркүйек 2022 | 17:04
Қазақстандықтар Қостанай облысына көмек ретінде қанша ақша жинады?
Қостанай облысындағы алапат орман өртінен зардап шеккендерге көмек ретінде "Қайырымдылық KZ" қорына қазақстандықтар қанша сома жинағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде қорға 491 миллион 614 мың теңге түсті. 5 қыркүйекте "Сарыарқа автопром" ЖШС 70 миллион теңге аударды, PetroRetail ЖШС - 50 миллион теңге, Абулғазин Данияр Рүстемұлы (ашық деректер бойынша, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті – еск.) – 50 миллион теңге, "Арип-Авир" ЖШС – 5 миллион теңге", - деді қор төрағасы Батырбек Ахметов.
Оның айтуынша, 5 қыркүйекте 102 миллион теңге түссе, 6 қыркүйекте - 33 миллион теңге. Қаражат әлі де түсіп жатыр.
Ахметов қордың ақша жинау мерзімін шектемегенін, бірақ оны жұмсау басталмағанын айтты.
Қор құрылтайшылары қаражатты бөлуде ашық болуға уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также