Қазақстандықтар қырғызстандық университеттен оқудан шығып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/gknb.official

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тексерісінен кейін қазақстандықтар қырғызстандық жоғары оқу орнынан оқудан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тексерісінен кейін қазақстандықтар қырғызстандық жоғары оқу орнынан оқудан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

МҰҚК мәліметінше, Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетіне ресми қабылданған бірнеше шетелдік шын мәнінде ел аумағында болмаған және оқуға қатыспаған. Соған қарамастан олардың құжаттары университетте белсенді студенттердің құжаттары ретінде тіркелген.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Комиссия тексерісі бұл жайтты растады. Нәтижесінде университеттен 59 шетелдік студент оқудан шығарылды, оның ішінде:

Реклама
Реклама
  • Өзбекстанның 30 азаматы;
  • 20 қазақстандық;
  • 9 ресейлік.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама