ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2021 | 12:34
Қазақстандықтар маусымда 3 мыңнан аса алтын құйма сатып алған
Маусымда қазақстандықтар жалпы салмағы 124,2 келі 3188 құйма сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлтық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маусымда қазақстандықтар жалпы салмағы 124,2 келі 3188 құйма сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлтық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазартылған алтын құймаларды сату жөніндегі бағдарламаны Ұлттық банк 2017 жылы іске қосты. Содан бері Қазақстан тұрғындары салмағы 2,1 тонна болатын 58 мыңға жуық алтын құйманы сатып алған.
Сатылымға 5-тен 100 граммға дейінгі құймалар шығарылған. Оның ішінде 10 грамм құйма жиі сатып алынады. Оның үлесі - сатылған құймалардың 30 пайызы немесе 17 мың дана. Екінші орында 100 граммдық құймалар (12 мың дана). Алтын құймаларды Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының тұрғындары сатып алған.
Ұлттық банктен алтын құймаларды сатып алғаннан кейін кез келген уақытта банктерге және ақша айырбастау пунктеріне сатуға болады. Ақша сол күні қолма-қол берілуі керек. Әрбір құйма қорғаныш элемент (микрожазба және бедерлі қыр) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы орамда шығарылады.
Бұған дейін бірінші тоқсанда еліміздің алтын-валюта қорында 396 тонна алтын бары хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также