ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2024 | 10:33
Қазақстандықтар мемлекеттік сатып алу ережелерін бұзғаны үшін сотталды
Бас прокуратура мемлекеттік сатып алу саласындағы тексерулердің нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокуратура мемлекеттік сатып алу саласындағы тексерулердің нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратура мәліметінше, 2023 жылы жоспарлаудан бастап тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді қабылдауға дейінгі кезеңдерде барлығы 2,5 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Олар бойынша 1,4 мың қадағалау актісі енгізілген.
"Қабылданған шаралармен мемлекет кірісіне 10 миллиард теңге өндірілді. Мысалы, Жамбыл облысы Таразда жылу магистралін реконструкциялау конкурсы бойынша әлеуетті өнім берушілерге негізсіз талаптар белгіленгені анықталды.
Ақмола облысында жекелеген аудандық әкімдіктер жобалық сметалық құжаттаманы әзірлемей блоктық-модульдік қазандықтарды сатып алуға ниетті", - делінген хабарламада.
Заңсыз конкурстардың күші жойылып, заңнама талаптарына сәйкес өткізілгені айтылды.
"Осы облыста арнайы прокурорлар "Жайлау Сити" тұрғын үй құрылыс кооперативі және "Құрылтай" көппәтерлі тұрғын үй кешенін сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді.
30.10.2023 жылы Целиноград ауданы Құрылыс бөлімінің басшысы С. және "Еңбек-Аршалы" ШЖҚ РМК директоры А. 7 және 8 жылға тиісінше бас бостандығынан айырылды, "Астана ЭлектроСтройКомплект" ЖШС директоры С. – 7жылға шартты түрде сотталды".
Аталған салада жүйелі проблемаларды анықтау мақсатында өткен жылдың аяғында Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдарда тексерулер жүргізілген.
"Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын екіұшты қолдану, ішкі мемлекеттік аудит органдарының актілеріне қарсылықтарды ұзақ қарау және басқа да бұзушылықтар фактілері анықталды. Қорытынды бойынша Үкіметке ұсыныс енгізілді.
Қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту, оның ішінде заңнаманы жетілдіру жолымен іс-шаралар көзделген Жол картасы әзірленді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Бас прокуратура "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заңды және оған қатысты заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысады.
Мемлекеттік қаражатты жұмсаудың заңдылығын қамтамасыз ету саласындағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также