ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2021 | 10:46
Қазақстандықтар мерзімінен бұрын алған зейнетақы жинақтарын неге жұмсап жатыр?
Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев қазақстандықтар мерзімінен бұрын алған зейнетақы жинақтарын неге пайдаланып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев қазақстандықтар мерзімінен бұрын алған зейнетақы жинақтарын неге пайдаланып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қаңтарда ақпараттық жүйелерді интеграциялауға байланысты дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға өтінімдерді қабылдай бастады. 12 ақпандағы жағдай бойынша, 1 855,9 миллиард теңге сомасына 115 608 өтінім қабылданды. Оның ішінде өңдеуге қабылданған 423,6 миллиардқа 78 074 өтінім мақұлданды", - деп хабарлады Досаев үкімет отырысында.
Оның айтуынша, 12 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ 408,2 миллиард теңге сомасына 75 186 өтініш бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін аударған.
"Адамдар алынған жинақтардың 87 пайызын тұрғын үй мәселелерін шешуге, оның 45,5 пайызын - тұрғын үй сатып алуға; 28,3 пайызын - ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5 пайызын - "Отбасы банкте" немесе екінші деңгейдегі банктерге бастапқы жарнаға ипотека алуға; 2,3 пайызын - жеке тұрғын үй құрылысына, ипотеканы қайта қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге және өзге де мақсаттарға жұмсауға ниетті", - деді Досаев.
Зейнетақы активтері 2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, жыл басынан бері 213,9 миллиард теңгеге немесе 1,7 пайызға ұлғайып, 13,1 триллион теңгеге жетті. Биыл есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 178,5 миллиард теңге, зейнетақы жарналарының көлемі - 88,8 миллиард теңге болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также