Қазақстандықтар мобильді интернет сапасы нашарлағанына шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қазақстандықтар мобильді интернет сапасы нашарлағанына шағымданды Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар мобильді интернетке қатысты қиындықтарға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар мобильді интернетке қатысты қиындықтарға тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде байланыс сапасына қатысты шағымдар тарап жатыр. Әсіресе Алматы тұрғындары интернеттің таңғы уақыттан бастап істемей қалғанын жеткізді.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz тілшісі байланыс операторларының баспасөз қызметіне сауал жолдағанымен, материал жарияланған сәтке дейін ресми жауап келмеді.

Ал Kcell/Activ компаниясының call-орталығы интернеттегі ақаулар операторға қатысты емес екенін мәлімдеді.

Компания өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелгені туралы ақпарат түскен. Бұл мәселе нақты телефон модельдеріне немесе оператордың техникалық ақауына байланысты емес. Абоненттерге мобильді интернеттің қалпына келуін күту ұсынылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама