03 қыркүйек 2017 | 13:50

Қазақстандықтар Мьянмада қаза тапқан мұсылмандардың қайғысын бөлісіп жатыр

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Мьянмада қақтығыстар барысында қаза тапқан мұсылмандардың мәселесін көтеріп, қайғыға ортақтасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Мьянмада қақтығыстар барысында қаза тапқан мұсылмандардың мәселесін көтеріп, қайғыға ортақтасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салсақ, таяуда Мьянмада (ескі атауы - Бирма) үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам өлтірілген. Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс "рохинджа содырларының" Ракхайн штатында (ескі атауы - Аракан) бірнеше полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мыс. Мьянма әскерінің мәлімдемесінде 25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 "содыр" қаза тапқан. Ал үкіметтік күштердің қатарында 15 адам мерт болған. 

Реклама
Реклама

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде #arakan #rohingnya #аракан #prayforrohingya хештегтері бойынша жазба қалдырып жатыр. 

Мәселен, елімізге танымал ережесіз жекпе-жек шебері, қазірле бапкер Ардақ Назаров Мьянмадағы қантөгісті айта келе, Қазақстанға тыныштық тіледі. 

"Сонау 1916-1939 жылдар арасында ҚАЗАҚТЫҢ басына келген нəубет 6-8 млн-ға жуық бабаларымыздың өмірін жалмады. 19 ғасырдың басында құрылған (Құдайсыздар қоғамы) ұйымы еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін аямады. "Қазақ қазақ болғалы. Қазақ атқа қонғалы. Не көрмеді бұл елім" - дейді Сүйінбай атамыз. Аллаға шүкір бауырлар осы күннің қадірін білейік. Тəуелсіздігіміздің мәңгі болуын Алладан тілейік. Біз қазір берекелі қоғамда өмір сүріп отырмыз. Мүмкін кейде жейтін нанымыз, киетін киіміміз бүтін болмай қалатын шығар. Бірақ ең үлкен нығмет ТЫНЫШТЫҚ бар. 21 ғасырда адамзат ақыл мен мəдениеттің кемеліне жетті десек қателеседі екенбіз. Айуан екеш айуанда бұлай жасамасы хақ қой. Бирмадағы қорлық көріп жатқан бейшара халыққа Алладан амандық тілейік. Сіздің туысыңыз емес шығар бірақ олар да адам баласы ғой. Арасында байғұс сəбилер бар. Алла Тағала жəбір көрушінің дұғасын кері қайтармайды. Осыншама халықты қырып жатқан жауыздардың міндетті түрде жазасы беріледі. Алла Тағала оларды тек қоймасы анық. Алла Тағала елімізге ауызбіршілік бергей. Əрбір арайлап атқан таң ҚАЗАҚ еліне тыныштығымен келсін", - деп жазды Назаров. 

Ал әнші Сәкен Майғазиев "Я, РАББЫМ! Жазықсыз жандарға, шарасыз балаларға, әлсіз аналарға, қауқарсыз қарттарға қорған бола көрші! Әлемде тыныштық болғай! Бейбітшілігімізді бағалай білейік, бауырлар", - деп жазыпты. 

"Алла қасірет кешкен мұсылмандарға сабыр берсін! Бұл сұмдыққа жол берген жандар, тиісті жазасын алсын! Ин ша Алла!", - деп жазды актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім.

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева: 
"Ия раббым!
Зарлы үн келді құлаққа..
Мұсылманға пана бол,
Тап болған сан сынаққа...
Балаларды жылатпа!
Аналарды жылатпа!
Жауыздардың есебін,
Ақыретте сұратпа!
Сәбилерді зарлатқан
Малғұндарды алып кет,
Тозақ дейтін тұраққа!
Алланың лағнеті болсын xайуандар!"

Продюсер Асхат Садырбай: "Мьянмадағы Рохинья мұсылмандарына қатысты орын алып жатқан геноцид бірінші рет болып жатқан жоқ. Бұл мәселенің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде көтерілмеуі де күмәнді. Әншейінде жарыса жамырап кететін әлемдік арналар да үнсіз,әлем үнсіз. Жануарлар үшін жаны ашитындар да қаншама адам қырылып жатса да үндемейді. Бұл да терроризм, xайуандық. Айтарға, теңеуге сөзім жоқ. Жаратушы ием, жазықсыз жапа шегіп жатқандарға өзің жар бола көр...".

Айта кетейік, рохинджалар - этникалық мұсылман бенгалдар, оларды британ колониялық билігі Араканға XIX және XX ғасырдың басында көшірген. Халқының жалпы саны бір жарым миллион шамасында. Қазіргі уақытта олар Ракхайн штатындағы халықтың басым бөлігі. алайда олардың көпгшілігі Мьянма азаматтары емес. 

Мұның алдында Түркия президенті Тайип Ердоған пікір білдіріп, Мьянмадағы оқиғаларды "мұсылмандар зұлматы" деп атаған болатын. Ал өз кезегінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бұл қантөгісті бүкіл әлем болып тоқтату қажеттігін айтқан еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная