25 сәуір 2022 | 15:16

Қазақстандықтар пайдалы қазбалардан табыс ала ма?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазақстан халқы пайдалы қазбалардан табыс ала ма деген сұраққа конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан халқы пайдалы қазбалардан табыс ала ма деген сұраққа конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жер, жер қойнауы, өсімдіктер, жануарлар әлемі, байлық конституциялық ереженің негізгі бөлігі, олар халыққа тиесілі. Бұлар көптеген елдерде халықтың меншігі болып саналады. Сондықтан, бүгінгі өзгерістер өте дұрыс. Екінші жағынан, халықтың, әрбір азаматтың өзі билік ететінін елестету қиын. Бұл іс жүзінде хаос пен тәртіпсіздікке әкеледі", - деді Әбдірасулов ОКҚ брифингте.

Ол қолданыстағы жүйеде қоғамның мүдделерін білдіретін мемлекет бар екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Президентті халық сайлайды, Парламент депутаттарын халық сайлайды, Президенттің ұсынысы бойынша Үкімет бекітіледі. Яғни, біз мемлекет меншік құқығын, иелену, бөлу мәселелерін және т.б. жүзеге асырады деп айтамыз. Ең бастысы, мемлекет халықтың мүддесін көрсетуі тиіс екенін түсінуіміз керек. Мемлекет органдары, институттары арқылы халықтың мүддесі үшін әрекет етеді. Менің ойымша, егер бұл мүдделер халықтың еркіне қайшы келсе, онда тиісті адамдар жауап береді", - деп түсіндірді Әбдірасулов.

Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы мүшесінің айтуынша, қазақстандықтар арасында үлестерді бөлу туралы айтуға әлі ерте.

"Бізде арнайы заң болады, бұл мәселелер заңда нақты реттелетін болады және олар императивтілік, міндеттілік тұрғысынан қарастырылады. Бүгін алда, осылай болады деп айту қиын. Мұны Парламент пен халық өкілдері шешеді. Алда Үкіметтің, Президенттің қатысуымен мәселе шешілетін болады", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная