22 сәуір 2021 | 13:48

Қазақстандықтар QazVac вакцинасын қашан салдыра алады?

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын егу науқаны елімізде 26 сәуірде басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын егу науқаны елімізде 26 сәуірде басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы бүгін "СҚ-Фармация" хабтарына жөнелтілді. Енді олар еліміздің басқа өңірлеріндегі Денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткізіледі. 

"Биыл 26 сәуірде халықты QazVac препаратымен вакциналау басталады. Мамырда кезекті 50 мың доза шығару жоспарланып отыр. Бұдан әрі вакцина өндірісі айына 500-600 мың дозаға дейін кезең-кезеңімен ұлғаяды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысып, Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейский кентінде биофармацевтикалық зауыттың салыну барысымен танысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная