ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қараша 2021 | 09:52
Қазақстандықтар Ресейге кіргенде қандай анықтамалар өткізуге міндеттеледі?
2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Ресейге 90 күннен аса мерзімге барған Қазақстан азаматтары ресейлік медициналық мекемелерде нашақорлық пен жұқпалы аурулар, оның ішінде ВИЧ инфекциясы жоқтығын растауы керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Анықтамаларды Ішкі істер министрлігінің аумақтық басқармасы қабылдайды. Кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілетсіз азаматтардың құжаттарын ата-анасының бірі немесе қамқоршысы (6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды) ұсына алады.
Сондай-ақ, қазақстандықтар міндетті түрде мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеуден және суретке түсіруден өтуі қажет, содан кейін Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары оларға тиісті құжат береді.
Ресейге еңбек қызметі мақсатында келген жағдайда бұл рәсімдер келген күннен бастап 30 күн ішінде, басқа мақсаттарда 90 күн ішінде орындалуы тиіс екені көрсетілген.
Медициналық анықтамалар мерзімі аяқталғаннан кейін қазақстандықтар 30 күн ішінде медициналық куәландырудан қайта өтуге және жаңа құжаттарды ІІМ аумақтық органына немесе мемлекеттік және муниципалдық қызметтердің бірыңғай порталын пайдалана отырып, электрон құжат нысанында не ведомстволық бағынысты кәсіпорын немесе уәкілетті ұйым арқылы ұсынуға міндетті.
Талаптар орындалмаған жағдайда Ресейде болу мерзімі қысқартылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также