25 шілде 2024 | 12:22

Қазақстандықтар стоматология арқылы зейнетақы жинағын алған: схема әшкере болды

Midjourney

"Отбасы банк" тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын алу ережелерінде жоспарланған өзгерістерге қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Отбасы банк" тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын алу ережелерінде жоспарланған өзгерістерге қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың 23 шілдедегі жағдайы бойынша Отбасы банк арқылы емделуге 435,1 миллиард теңге біржолғы зейнетақы төлемдері пайдаланылған. Бұл соманың шамамен 98 пайызы стоматологиялық қызметтерге тиесілі - тіс протездеу және имплантация.

"Алайда халықтың емделуге жұмсаған біржолғы зейнетақы төлемдерін тексеру кезінде мақсатсыз пайдалану жағдайлары анықталды. Банк бірқатар күдікті схемалардың белгілерін анықтады, олар бойынша ішкі тексерулер жүргізілді. Істің қолда бар материалдарымен банк күдікті адамдарды анықтау және оларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осылайша, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу түрінде кейбір стоматологиялық клиникалар азаматтарға қолма-қол ақша алуға көмектескен. Бұл зейнетақы төлемдерін мақсатсыз пайдалану.

Мысалы, бірқатар стоматологиялық клиникалар күніне 70-тен астам клиентті қабылдаған. Есесіне бұл медициналық мекемелердің пациенттердің мұндай көлемін қабылдап, оларға тиісті қызмет көрсетуге жағдайлары болмаған.

"Сараптау барысында клиникалардың қызмет көрсету заңдылығына күмән келтіретін фактілер анықталған, атап айтқанда:

  • стоматологиялық клиникалардың орналасу мекені клиенттердің тұратын жеріне және медициналық тіркеуге сәйкес келмеді;
  • осы клиникалардың аймақтағы бірде-бір клиенті қызмет алынғанын растайтын құжаттарда көрсетілген стоматологиялық қызметтерді расымен алғанын растамаған
  • бірқатар клиенттер өздерінің зейнетақы төлемдерін ешқандай стоматологиялық қызмет алмай, делдалдар арқылы және ақшалай сыйақы төлеп алғандарын түсіндірді. Олар қажетті медициналық құжаттарды одан әрі дайындау үшін делдалдарға өз еркімен ЭЦҚ берген;
  • БЗТ қаражаты есебінен емделу үшін, міндетті құжаттардың тізбесіне кіретін, азаматтардың медициналық тіркелген жері бойынша дәрігерлік комиссиялардың қорытындыларында қол қоюға құқығы жоқ сондай-ақ дәрігерлік комиссияның мүшелері болып табылмайтын, тіпті медициналық мекемеде жұмыс істемейтін адамдардың қолдары тұрған".

Құжаттардың міндетті пакетіне дәрігерлік комиссия қорытындысын салған кезде пациенттің кез келген параметрлерін - тегін, ЖСН, туған күнін, телефон нөмірін өңдеуге болатын pdf форматындағы үлгі пайдаланылған көптеген деректері анықталды. Банк бір клиника берген барлық дәрігерлік қорытындыларда пациенттердің бірдей мекенжайы көрсетілгенін анықтады.

21 жастағы қазақстандыққа "толық адентия", яғни тістердің толық болмауы диагнозы қойылғаны анықталды. Сонымен қатар, дәрігерлік комиссияның қорытындысында оған емдеудің келесі түрлері ұсынылды – тістерді тазарту, брекет орнату.

"Бұл БЖЗҚ салымшыларының жеке қаражаты, оны азаматтар өздері қалауынша пайдалануға құқылы деген жансақ пікір бар. Бірақ Отбасы банк БЗТ пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор ретінде, заңға сәйкес, осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті. Біз 2021-2024 жылдар аралығында БЖЗҚ қаражатына көрсетілетін қызметтер көлемі бойынша топ-25 стоматологиялық клиниканың мемлекетке салық түрінде шамамен 63 млн теңге төлегенін анықтадық. Бұл ретте БЖЗҚ қаражаты есебінен ұқсас кезеңде көрсетілген қызметтер көлемі шамамен 91 миллиард теңгені құрады, яғни салық жүктемесі небәрі 0,07 пайыз болған. Біздің ойымызша, бұл стоматологиялық клиникалар тарапынан көрсетілетін қызметтердің шынайылығына күмәнданудың себебі, әсіресе протездеу және имплантациялау сияқты күрделі процедуралар туралы сөз болғанда", - деп түсіндірді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная