20 қыркүйек 2024 | 14:54

Қазақстандықтар судьяларды лауазымға іріктеу кезінде пікір білдіре алады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Енді судьялық лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде қазақстандықтардың пікірлері ескеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғары Сот Кеңесі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Енді судьялық лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде қазақстандықтардың пікірлері ескеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғары Сот Кеңесі мәліметіне сілтеме жасап.

Судьяларды іріктеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жоғары Сот Кеңесі азаматтарды судьялық лауазымдарға орналасуға конкурсқа және іріктеуге қатысатын кандидаттар туралы пікірімен бөлісуге шақырады.

"Пікірді Кеңестің сайтында биыл 10 қазанға дейін "Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері" бөлімінде қалдыруға болады (өту). Іріктеу барысында жұртшылықтың пікірімен қатар үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұдан басқа, кандидаттар конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбат өтеді, оған адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная