ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2020 | 15:06
Қазақстандықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне көбіне кімдердің үстінен шағымданады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтар шағымданатын мемлекеттік органдар тізімін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтар шағымданатын мемлекеттік органдар тізімін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Агенттік Call-орталығының "1424" байланыс нөмірі азаматтардан сыбайлас жемқорлық деректері бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары жайлы хабарлама алу үшін тәулік бойы жұмыс істейді.
"2019 жылы өңірлер бөлінісінде ең көп хабарлама Түркістан (148) және Алматы (137) облысынан, сондай-ақ Алматы қаласынан (112) түсті. Бұл барлық тіркелген хабарламаның жартысы", - деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев.
Қалған 14 өңірден: Шымкент - 84, Нұр-Сұлтаннан - 76, Жамбыл облысынан - 63, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарынан - 30 бен 50 аралығында, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарынан - 20-ға жуық хабарлама келген.
"Азаматтар көбіне ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметін асыра пайдалану дерегі бойынша - 392 хабарласқан, білім саласында жұмысқа орналасуға, ата-аналардан қаражат жинауға көмек көрсеткені үшін заңсыз сыйақы талаптары бойынша - 136, АӘК есептеу, оның ішінде заңсыз сыйақы алу кезіндегі бұзушылықтар бойынша әлеуметтік қорғау салалары бойынша - 135, кедендік рәсімдерден өту кезінде заңсыз сыйақыларды талап ету бойынша - 97, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі бұзушылықтар, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру кезіндегі заңсыз сыйақылар талаптары және басқалар бойынша - 112 хабарлама түсті", - деді Қабиев.
Показать комментарии
Читайте также