06 тамыз 2024 | 09:51

Қазақстандықтар тағы бір бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдайды - ІІМ

Фото: ҰҚК

Қазақстанда есірткі зертханалары санының өсуі байқалады. Биылғы жеті айда полиция тек синтетикалық есірткі өндіруді жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда есірткі зертханалары санының өсуі байқалады. Биылғы жеті айда полиция тек синтетикалық есірткі өндіруді жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тек Алматыда осындай 11 факт анықталды. Eкінші орынды - Алматы облысы, онда полицейлер жеті заңсыз синтетикалық есірткі өндірісін жойды. Есірткі өндірушілерден 200 келіден аса "синтетика" және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленген.

"Соңғы екі аптада Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды. Шілденің аяғында үш астаналық тұрғын ұсталды. Олар 800 мың теңгеге үй жалдап, онда мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Барлық жабдықтар мен химиялық заттарға қашықтан тапсырыс берген. Күдіктілерден 20 келіге дайын есірткі, 250 литр прекурсор мен химиялық жабдықтар тәркіленді.

Он күннен кейін полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 23 жастағы алматылық тұрғынды ұстады. Ол тұрған үйдің төбесін тінту кезінде мефедрон, прекурсор, тыныс алу маскасы, есірткі синтезіне арналған жабдық тәркіленді. Қаскөйдің "виртуалды" кураторлары дайын есірткінің килограмы үшін 1,5 миллион теңге төлеуге уәде берген. Есірткі өндірісі үшін бұл жігіттің 15 жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырылатыны анық", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бүгінде есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық жабдықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген.

"Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралып жатыр. Бұл бастамаларды қоғам қолдайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартып, оларды өндіргені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша азаматтар құрған екі петиция қарауға алынғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Доллар бағамы өсті