ПОДЕЛИТЬСЯ
23 желтоқсан 2021 | 09:23
Қазақстандықтар Түркия шипажайларынан жаппай баспана сатып алып жатыр
Түркияда Қазақстан азаматтары Жерорта теңізі жағалауынан пәтерлер мен виллаларды белсенді түрде сатып алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркияда Қазақстан азаматтары Жерорта теңізі жағалауынан пәтерлер мен виллаларды белсенді түрде сатып алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Түрік ақпарат құралдары мәліметінше, кейінгі бір айда 300-ге жуық қазақстандық теңіз жағалауынан пәтер сатып алған. Бұл елдің ірі қалалары мен Солтүстік Кипрді есепке алмағанда.
Риэлторлар статистикасы бойынша, тек Түркияның Жерорта теңізі жағалауына қазірдің өзінде мыңдаған қазақстандық қоныстанған.
"2021 жылдан бері жылжымайтын мүлік бағасы 30 пайызға, жалдау ақысы 50 пайызға өсті. Дегенмен баспанаға сұраныс төмендеген жоқ. Оны, негізінен, шетелдіктер сатып алады. Ең көп сұраныс ресейліктер мен қазақстандықтар арасында", - деді риэлтор Джихангир Гоклер.
Шетелдіктер үшін тұрғын үй сатып алу Түркияда тұруға рұқсат алуға мүмкіндік береді. Бұл сатып алушыларды тартады.
"Бұл жерде 50х50. Мұнда тұруға келетіндер бар. Демалуға келетіндер бар", - дейді риэлтор Мирбек Тұрмағамбетов.
Дегенмен қазақстандықтар Түркияда жылжымайтын мүлікті тек инвестициялық тартымдылық үшін ғана сатып алмайды. Сарапшылар пайымдауынша, осылайша азаматтар қолда бар капиталын сақтап қалуға тырысады. Оның үстіне, ондағы баспана ұлттық валютамен емес, еуромен сатылады.
"Қазір Түркияға белсенді түрде инвестиция салып жатқан қазақстандықтардың едәуір бөлігі сонда тұрады. Бұл, негізінен таяу жылдардағы тұрақтылық белгісіз болуына байланысты: экономикалық та, саяси да. Түркияның климаты өте қолайлы, бағасы өте төмен, өмір сүру құны төмен, өмір сүру сапасы салыстырмалы түрде жоғары", - деп түсіндірді экономист Рахым Ошақбаев.
Жылжымайтын мүлік агенттіктері мәліметі бойынша, қазақстандықтар Түркияда осы айда сатып алынған үйлер саны бойынша қазір бесінші орында тұр. Тек Иран, Ирак, Ресей және Германия азаматтары көш басында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также