ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2024 | 10:36
Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге "қартайған"
Сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтар қызық өзгерістерге тап болды - электрон құжаттарда туған күні өзгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтар қызық өзгерістерге тап болды - электрон құжаттарда туған күні өзгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Банктердің бірінің "Цифрлық құжаттар" бөліміндегі, сондай-ақ eGov.kz сайтында қазақстандықтар бір күнге "қартайғанын" - туған күні өзгергенін анықтады.
Бұл Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды.
Кейбіреулерде жеке куәлікте, басқаларында жүргізуші куәлігінде немесе төлқұжатында туған күні өзгергені анықталды.
Мәселе "Құжаттарды жаңарту" батырмасы арқылы шешіледі. Мұны бірнеше рет басу қажет болуы мүмкін. Оған қоса, қолданбаңызды жаңарту ұсынылады.
Tengrinews.kz "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-нан пікір беруді сұрады. Олар ақпарат беруге уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также