ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпан 2022 | 17:56
Қазақстандықтар Украинадан неге ерте эвакуацияланбады? СІМ жауап берді
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар Украинадан неге ерте эвакуацияланбады дегенге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар Украинадан неге ерте эвакуацияланбады дегенге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Батыс елдері өз азаматтарын алдын ала эвакуациялады. Қазақстан осы жұмыстарды неге алдын ала ұйымдастырмады? Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жұмысты неге кеш бастады?" - деген сауал Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте қойылды.
"Соғыс қимылдары басталғанға дейін Air Astana ұшағы тұрақты ұшып тұрды. Кетемін деген азаматтарға ешқандай кедергі болған жоқ. Украинадан ұшақтар тұрақты түрде ұшып тұрды.
Біз азаматтарға осындай күні елден кетуіңіз керек деп талап ете алмаймыз. Адамдар өздері шешуі керек. Екіншіден, біз Украинаның ресми ақпаратын күттік", - деп жауап берді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.
Сондай-ақ, ол кейбір қазақстандықтардың эвакуацияға байланысты шағымдарына да түсініктеме берді.
"Кейбіреулер елшіліктегілер келіп неге мені көлікпен алып кетпейді? деп сұрап жатады. Оларда қарапайым азаматтар, арнайы дайындықтан өткен жоқ, атыс кезінде қалаларды айналып ары-бері жүре алмайды. Мұны түсіну керек. Бізге керегі дипломаттың өлгені емес, көп адамға көмектесуі", - деп түсіндірді Смадияров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также