13 сәуір 2021 10:54

Қазақстандықтар ұшаққа анықтамасыз кіре алмайды - жаңа қаулы шықты

Фото: Тұрар Казанғапов ©/tengrinews

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта ПТР-сынмасы теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы жоқ жолаушылар ұшақ бортына жіберілмейтіні көрсетілген. Бұл шетелден Қазақстанға ұшып келетін рейстерге қатысты.

Бұған дейін қаулыда анықтама қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде шетел азаматтарында болу керегі айтылған еді. Енді ереже барлық жолаушыға қатысты. Анықтама 3 күнге жарамды.

Реклама
Реклама

Анықтамасы жоқ қазақстандықтарды COVID-19-ға тексеру үшін екі тәулікке оқшауға алады деген талап алып тасталды.

Сондай-ақ, қаулыда:

"Карантин шараларын қатаңдату туралы шешімді облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитария дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылдайтыны көрсетілген.

Карантин шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігері қабылдайды".

Толық құжатты мына жерден жүктеп ала аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram