ПОДЕЛИТЬСЯ
07 мамыр 2021 | 12:53
"Қазақстандықтар визаға құжат тапсыру кезінде басымдыққа ие" - АҚШ елшілігі
Қазақстандықтар АҚШ визасына құжат тапсыру кезінде басымдыққа ие. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтар АҚШ визасына құжат тапсыру кезінде басымдыққа ие. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі иммиграциялық емес визаларға өтініштер өңдеуді тоқтатқаны хабарланған болатын.
Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігі Ресей азаматтары, сондай-ақ, кез келген өтініш беруші кез келген виза беру пунктінде құжаттарын тапсыра алатыны айтты.
"Дегенмен, елшілік пен бас консулдық бейрезидент өтініш берушілер үшін қолжетімді уақыт аралығын шектей отырып, қазақстандық өтініш берушілерге басым назар аударуға тырысады. Осылайша, резидент өтініш берушілердің резидент емес өтініш берушілерге қарағанда қабылдауға кіру үшін мүмкіндігі көбірек", - деді елшілік өкілдері.
Қазіргі таңда Нұр-Сұлтандағы елшілік пен Алматының бас консулдығы визалық қызметтерді көрсетіп жатқаны хабарланды.
"Пандемия алдындағы жылы АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы 20 мыңнан аса виза берді. 2020-да коронавирусқа байланысты өтініштерді азырақ қарастырдық. АҚШ үкіметі визалық статистиканы интернетте үнемі жариялап отырады", - деді елшіліктегілер.
Еске салайық, АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі 12 мамырдан бастап дипломатиялық визаларды қоспағанда, иммиграциялық емес визаларға өтініштерді өңдеуді тоқтатады. Консулдық қызметтер тек америкалықтарға және төтенше жағдайларға байланысты ұсынылады. Ресей визасы мерзімі аяқталып жатқан АҚШ азаматтарына 15 маусымға дейін елден кетуге кеңес берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также