ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2021 | 14:04
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын алуға жіберген өтінімін өзгерте алады
Зейнетақы жинақтарын алу үшін өтінім беруге арналған сайт әлі де жетілдіріледі. "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимованың мәліметіне сүйенсек, енді enpf-otbasy.kz сайтында өтінім мақсатын ауыстыруға мүмкіндік беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Зейнетақы жинақтарын алу үшін өтінім беруге арналған сайт әлі де жетілдіріледі. "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимованың мәліметіне сүйенсек, енді enpf-otbasy.kz сайтында өтінім мақсатын ауыстыруға мүмкіндік беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ибрагимованың айтуынша, қазақстандықтарға жаңа функция бір апта ішінде қолжетімді болады.
"Қазір біз тұтынушы ескертулерін ескере отырып порталымызды (enpf-otbasy.kz) жаңартып жатырмыз. Біріншісі - өтінімнің мақсатын өзгертуге мүмкіндік беру. Яғни, азамат алдымен қарыздарын өтеу мақсатымен өтінім берді, кейін ол ипотекаға жаңа пәтер сатып алуға бел буды. Өтініш беруші өтінім мақсатын бір апта ішінде өзгертуге мүмкіндігі болады", - деп хабарлады Ибрагимова ОКҚ брифингінде.
Тағы бір өзгеріс - зейнетақы қаражатын алуға өтінімді жою мүмкіндігі.
"Әлеуметтік желілерде көп адам ақшасы бар екеніне көз жеткізу үшін ғана өтінім бергенін, бірақ кейін барлық операцияны жыл соңына қарай жасағысы келетінін жазған. Енді өтінімді жоюға мүмкіндік пайда болады.
Үшінші ұсыныс - азаматтардың зейнетақы төлемдерін біріктіру мүмкіндігі. Мысалы, қарызды өтеу үшін өтінім жібергенде бірден қосымша адамды, яғни туыстарының бірін тіркеуге мүмкіндік беру. Бұл қаралып жатыр. 10 күн ішінде іске қосылады деген жоспар бар", - деп қосты Ибрагимова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также