ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2020 | 18:48
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын білім алу мақсатында пайдалана алмайды
Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін оқу ақысын төлеу үшін ала алмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Сарбасов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін оқу ақысын төлеу үшін ала алмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Сарбасов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, жұмыс тобы білім беру саласына қаражат алу мәселесін жыл бойы қараған.
"Бұл қызметті зейнетақы жинағын алу арқылы қызмет көрсету маңызы бойынша білім беру мәселесі қолдау таппады және бүгінде қарастырылып отырған жоқ", - деді Сарбасов ОКҚ-дегі баспасөз-мәслихатында.
Сонымен бірге, вице-министр қазіргі кезде мемлекет елде ақысыз білім алуға жеткілікті гранттар бөліп отырғанын атап өтті.
"Білім беру мәселесіне келсек, қазіргі кезде мемлекет біздің мемлекет азаматтарына тегін білім алуға жеткілікті гранттар бөліп отыр. Бұл несие жинақтау механизмі арқылы да жүзеге асырылады", - деді Сарбасов.
Сарбасов қазақстандықтар зейнетақы жинағын білім саласында пайдалана алмайтынын басып айтты.
Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған болатын. Зейнетақы жинағының бір бөлігін емделуге, тұрғын үй алуға және қаржы компанияларына аударуға жұмсауға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также