23 қаңтар 2021 | 18:04

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын неге жұмсағысы келетіні белгілі болды

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Бірінші күннің соңында қазақстандықтардың зейнетақысын неге жұмсағысы келетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдын ала мәліметті "Отбасы банк" басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Бірінші күннің соңында қазақстандықтардың зейнетақысын неге жұмсағысы келетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдын ала мәліметті "Отбасы банк" басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов берді.

Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарын алу үшін арнайы шот ашу қажет. Мұндай шотты 65 000-нан аса адам ашқан. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан аса қазақстандық жинағын пайдалануға шешім қабылдап, өтінім берген. Оның ішінде:

Реклама
Реклама

50 пайызы - банктегі несиесін жапқысы келеді;
17 пайызы - несиесіз баспана сатып алғысы келеді;
15 пайызы - жинақтарын туыстарына беруге ниетті;
10 пайызы - "Отбасы банкінен" несие алғысы келеді";
5 пайызы - басқа банктерден несие алуға ниетті;
2 пайызы - ақшаны құрылысқа жұмсағысы келеді;
1 пайызы - басқа мақсаттар үшін жұмсағысы келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная