ПОДЕЛИТЬСЯ
12 сәуір 2024 | 11:38
Қазақстандықтарды алдағандар жауапкершілікке тартылады - Бозымбаев
Республикалық штаб басшысының су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі орынбасары Қанат Бозымбаевсу тасқыны кезінде дүрбелең тудыратын жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мұндай жалған ақпараттар қоғамда, әсіресе зардап шеккен өңірлерде жиі дүрбелең тудырады.
"Осындай жалған хабарламалардың немесе Төтенше жағдаймен күрес жөніндегі штабтардың жалған аккаунттарының барлық авторларына бұл ақпаратты жариялаудағы жауапкершілік туралы ескерткім келеді. "Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" заң бар, оған сәйкес пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын мазмұнның дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты таратпауға, сондай-ақ мұндай ақпаратты және кез келген заңсыз мазмұнды жоюға міндетті. Тиісті құрылымдар мұндай жалған ақпаратқа талдау жүргізеді, қажетсіз дүрбелең тудырып, отандастарын алдаған кез келген азамат, өз әрекеттері үшін нақты ақы төлейтін болады", - деді Қанат Бозымбаев.
Мұндай фактілер үшін қолданыстағы заңнамада қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также