18 қыркүйек 2021 | 13:52

Қазақстандықтарды жеке қабылдауы кезінде ІІМ басшысына қандай сұрақтар қойылды?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Nur Otan партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады. Ведомство басшысына қазақстандықтардан бейнебайланыс арқылы тікелей эфирде өтініштер түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Nur Otan партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады. Ведомство басшысына қазақстандықтардан бейнебайланыс арқылы тікелей эфирде өтініштер түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтініштер негізінен қылмыстық істерді тергеудің сапасы мен мерзімдерін сақтауға, жоғалғандарды іздеуге, көші-қон заңнамасы мен жұмысқа қабылдау мәселелеріне қатысты болған.

Қабылдауға 2019 жылдың қазан айында Теміртау ­- Нұр-Сұлтан тас жолында жол апатынан қаза болған адамның анасы жазылды. Әйелдің айтуынша, тергеу мерзімі кешіктіріліп, іс бірнеше рет тоқтатылған екен. Зардап шеккен тарап тікелей министрге жүгінуінен кейін министрліктің тергеушілері жүргізген қосымша тергеу ісі нәтижесінде сотқа жолдауға мүмкіндік туған. Қорытындысында жүргізушіні бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған.

Реклама
Реклама

"Біздің қайғымызға бей-жай қарамағандардың барлығына аналық алғысым шексіз. Менің 10 жасар немерем әкесіз қалды. Мен шындық пен шекпеннің абыройы сіз үшін ең қымбат нәрсе екеніне қуаныштымын!" - деп марқұмның анасы министрге және ІІМ-нің тергеу тобына алғысын білдірді.

Келесі кезекте елордалық тұрғын АҚШ-та тұратын келінін құжаттау мәселесі бойынша өтініш білдірді. Ол Америка Құрама Штатындағы 27 жастағы келіні отбасы мүшесі ретінде уақытша тұратынын және жүктіліктің 9-шы айында екенін жеткізді.

Олар Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығына жүгінген кезде оған жаңа төлқұжат рәсімдеуден бас тартылған, себебі бойжеткен ҚР-ның шет елдердегі мекемелері арқылы жеке басын куәландыратын құжаттар рәсімдейтін санатқа кірмейді.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ Қазақстан азаматшасының жағдайын назарға ала отырып, ІІМ Қазақстанның АҚШ-тағы консулымен Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдықта өтінім рәсімдеу туралы уағдаластыққа қолжеткізді. Қабылдау соңында министр өтініш білдірушілерді әрбір айтылған іс мұқият зерделенетініне сендірді.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ІІМ-де халықпен жұмыс істеудің және қоғаммен ашық диалогтың жаңа форматтары енгізілді.

Министрдің тапсырмасы бойынша қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде азаматтар үшін 250-ден аса қабылдау бөлмесі ашылды, онда адамдар өз мәселелерін полиция ғимаратына бармай-ақ шешуге мүмкіндік алды. Полиция жұмысының "сервистік" форматы және тұрғындар үшін құқық қорғау органдарының "қолжетімділік" қағидаты енгізіліп жатыр.

Тұрғындардың проблемаларын шешудің маңызды тетіктерінің бірі - азаматтарды қабылдау. Сондықтан ІІМ мен өңірлердегі Полиция департаменттерінде апта сайын азаматтарды қабылдау өткізіледі. Жыл басынан бері министрлік басшылығы 300-ге жуық адамды қабылдады. Министр азаматтардың өтініштерін қарау және мәселелерін шешу бойынша жұмыстар жалпы ішкі істер министрлігінің қызметін бағалау кезінде басты көрсеткіш болып табылады деп есептейді. 

"Адамдармен тікелей диалог жасаған кезде көбінесе біз шұғыл шешуге тиісті мәселелерді айқындап жатамыз. Ал азаматтардың құқықтары мен олардың қауіпсіздігін қорғаудың проблемалық мәселелерін тез арада қарау және әділ шешу - Ішкі істер органдарының барлық жүйесінің бірінші кезектегі міндеті", - деді ведомство басшысы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная