Қазақстандықтарды Каспий теңізіне құлаған белгісіз нысандардың видеосы алаңдатты

Қазақстандықтарды Каспий теңізіне құлаған белгісіз нысандардың видеосы алаңдатты Бейнеден кадр

Маңғыстау облысындағы Құрық ауылы маңында Каспий теңізіне белгісіз нысанның құлағанын куәгерлер айтты. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысындағы Құрық ауылы маңында Каспий теңізіне белгісіз нысанның құлағанын куәгерлер айтты. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлар

Әлеуметтік желілерде тараған видеода теңізге биіктен жарқыраған екі нысанның құлап бара жатқаны көрінеді. Желіде олардың шығу тегіне қатысты түрлі болжам айтылды.

Жарнама
Жарнама

Ресми хабарлама

Ақтау гарнизоны видеоға қатысты пікір білдіріп, кадрлардың Құрық ауылы маңында түсірілгенін растады.

"21 сәуірде ауылдан оңтүстік бағытта орналасқан теңіз полигоны акваториясында Әскери-теңіз күштерінің кемелері шартты нысаналар бойынша практикалық оқ ату жаттығуларын орындау арқылы жоспарлы тапсырмаларды пысықтады", - деп хабарлады гарнизоннан.

Сондай-ақ баспасөз қызметі қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқу-жаттығу басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін сигналдық зымырандар қолданылғанын нақтылады.

"Видеода тіркелген құбылыстар жоспарлы оқу-жауынгерлік іс-шараларды өткізумен байланысты және халық үшін ешқандай қауіп төндірмейді".

Сонымен қатар қазақстандықтарды сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама