ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2018 | 11:11
"Қазақстандықтарды құтқару үшін". Машинистер пойызды 2000-нан астам шұғыл түрде тоқтатқан
2018 жылдың басынан жүргізушілер теміржол қатынас жолдарында соқтығыстың алдын алу үшін пойызды екі мыңнан аса шұғыл тежеп тоқтатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2018 жылдың басынан жүргізушілер теміржол қатынас жолдарында соқтығыстың алдын алу үшін пойызды екі мыңнан аса шұғыл тежеп тоқтатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компания өкілдерінің айтуынша, адамнаң өмірін сақтап қалу үшін жасалған 731 апаттық тежеу тіркелген.
"Өкінішке қарай, алты мың тонна жүктің салмағындай және сағатына 60-80 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойызды тоқтату қашықтығы 600-800 метр болғандықтан оны тоқтату әрдайым мүмкін емес. Темір жол қызметкерлері жолдағы ақауларды болдырмауға ерекше назар аударады. Жаңа оқу жылының басталуына дейін Астанада жасөспірімдер мен балалар арасында акция басталды. Қауіпсіздік бойынша ашық сабақтар мен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы роликтер мен ескертпелер таратылып жатыр ", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Бұдан басқа, темір жол қатынас жолдарына жақын орналасқан елді мекен тұрғындарымен 1600-ден астам кездесу ұйымдастырылды. 40 мыңға жуық адам дәріс тыңдады. Жоспарды орындау шеңберінде Көлік прокуратурасы, полиция, ҚР ИДМ өңірлік көліктік бақылау органдарының өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен 40-тан астам отырыс өткізілді.
Теміржолшылар теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырулары тыңдалып қана қоймай, талаптарды орындау үшін сигнал ретінде қызмет етеді деп үміттенеді.
Показать комментарии
Читайте также