Қазақстандықтардың 94 пайызы Астана атауын өзгертуге қарсы

Қазақстандықтардың 94 пайызы Астана атауын өзгертуге қарсы © Apple-hostel.kz

Депутаттарды? Астана атауын ?згерту туралы бастамасы халы? тарапынан ?олдау таппады. ?аза?станды?тарды? 94 пайызы Астана атауын ?згертуге ?арсы, - деп хабарлайды DEMOSCOPE ?о?амды? пікірге жедел-мониторинг ж?ргізу бюросы. Олар ?аза?стан азаматтары арасында "Елорда атауын ?згерту туралы бастама" та?ырыбында сауалнама ж?ргізді.

Депутаттардың Астана атауын өзгерту туралы бастамасы халық тарапынан қолдау таппады. Қазақстандықтардың 94 пайызы Астана атауын өзгертуге қарсы, - деп хабарлайды DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы. Олар Қазақстан азаматтары арасында "Елорда атауын өзгерту туралы бастама" тақырыбында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 3607 адам қатысты. Әйелдер - 67 пайыз, ер азаматтар - 33 пайыз. Іріктеу ықтималдығы 95%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 1,63 пайыздан аспайды.

Сауалнама әдісі - телефон арқылы жүргізілген сұхбат (1898 адам) және онлайн-сауалнама (1710 адам). Зерттеу 2016 жылы 24-28 қараша аралығында жүргізілді.

Реклама
Реклама

Халықтың басым бөлігі Астана атауын өзгерту туралы бастаманы қолдамайды. Телефон арқылы жүргізілген сұхбатқа қатысқан қазақстандықтардың 91 пайызы және онлайн қатысушылардың 97 пайызы депутаттардың 23 қараша күнгі Елбасы есімі елорда атауында көрсету туралы ұсынысымен келіспейді.

Заң шығарушылар пікірі мен оған толықтай қарсы қазақстандықтар көзқарасы екі топ арасындағы алшақтықты көрсетеді. Бұл жағдайлар қоғам және Парламент өкілдерінің бір әлемде өмір сүріп жатқанына күмән туғызады. Мәселен, Астана атауын өзгерту туралы бастаманы Сенат пен Мәжіліс бірауыздан қолдаса, халық арасында талқылау мен іштей қарсылық үдей түсті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама