ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 шілде 2026 12:06
Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасы рекорд деңгейге жетті
Қазақстандықтардың депозит көлемі тарихта алғаш рет 29 триллион теңгеден асты. Ranking.kz сарапшылары 1 маусымдағы жағдай бойынша осындай деректерді келтіріп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сарапшылар мәліметінше, бір ай ішінде депозит көлемі 2,5 пайызға, ал былтырғымен салыстырғанда бірден 18 пайызға өскен.
Банк жүйесін қаржыландырудың негізгі көзі халықтың депозиттері болып отыр.
Бұл ретте Қазақстанда жұмыс істейтін 23 банктің ішінде жинақтардың басым бөлігі - шамамен 96 пайызы - он ірі қаржы институтында шоғырланған.
Қазіргі уақытта депозиттердің жалпы көлеміндегі қарапайым азаматтар салымының үлесі 60 пайызға жуықтады (он жыл бұрын бұл көрсеткіш 43,5 пайыз еді).
Ел бойынша өткен айда 23 банктің 17-сі депозит көлемі бойынша оң көрсеткішке ие болды.
Бұған дейін Қазақстандағы банктердің депозит мөлшерлемелерін қайта қарай бастағаны туралы жазған болатынбыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәліметінше, маусымда бірден 10 қазақстандық банк өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендетті.
Төмендеу үрдісі салымдардың барлық санатына дерлік әсер етті, алайда бұл ең тиімді саналатын жинақ депозиттерінің табыстылығын "төмендетті" деп атап өтті қордағылар. Толығырақ сілтемеден оқыңыз.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу