18 мамыр 2021 | 14:56

Қазақстандықтардың ЕАЭО-ге айтатын сынына Сауда министрлігі жауап берді

Фото РИА Новости

Желіде қазақстандықтар Еуразиялық экономикалық одаққа қарсы пікірін жазып жатады, оны дүкен сөрелерін ресейлік тауарларға толтырды деп айыптайды. Бұл сынға сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде қазақстандықтар Еуразиялық экономикалық одаққа қарсы пікірін жазып жатады, оны дүкен сөрелерін ресейлік тауарларға толтырды деп айыптайды. Бұл сынға сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, Желіде ЕАЭО әлдекімге тиімді, біреуге тиімсіз деген сияқты пікір жиі кездеседі. Бірақ ең алдымен ЕАЭО тауарларды, азаматтарды, қаржыны өткізудің төрт еркіндігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасап отырғанын атап өту қажет. Бұл шарттарды қалай пайдаланатыны бизнесімізге байланысты", - деді Күшікова ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, Қазақстанда дайын өнім экспортының өсуі ЕАЭО шарттары бізге тиімді екенін көрсетеді. 

Реклама
Реклама

"Бұл одақтан Ресей көбірек пайда табады деген тұжырым қате. Ресей бүкіл ЕАЭО ЖІӨ-нің 87 пайызын алатынын ескерсек, одақ болмаған кездің өзінде біздің нарықта ресейлік тауарлар көп болар еді. Бірақ қазір бізде бірыңғай талаптарға сәйкес, тауарларымызды еркін сатуға және сол Ресейдің базарларына белгілі бір өнімімізді қоюға мүмкіндік бар.

Мысалы, бізде Армениямен тауар айналымы айтарлықтай өсті. Бұл өте кішкентай ел. Бізде тауар айналымы, экспорт 10 есе өсті. Таза дайын тауарлар экспорты, бір грамм шикізат жоқ. Тамақ өнімдері, металлургия өнімдері. 

Сондай-ақ, Беларусьте де ЕАЭО шеңберінде сауда көлемі айтарлықтай өсіп отыр. Мұнда көлік жабдықтарын, ауыл шаруашылығы шикізатын жеткізу көлемі артып жатыр. Мұндай үлкен артықшылықтар мен саудадағы жетістіктер тек Ресейге тән емес", - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қазақстандық тауарлар ірі ресейлік супермаркеттерде сатыла бастайды.

"Біз ресейлік сауда желілерімен ынтымақтастық орната бастадық. Мысалы, "Пятерочка", "Перекресток", "Магнит" - бәрі білетін ірі желілер. Онда көкөністерді, жемістерді және басқа да азық-түлік өнімдерін ғана емес, сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін - төсек-орын, сүлгілер, балалар киімдерін жеткіземіз. Міне, осының бәрі ЕАЭО-ның жұмыс істеуі, бірыңғай стандарттарды, тәсілдерді әзірлеу мен біздің оларға сәйкес келуіміздің арқасында мүмкін боып отыр", - деді Күшікова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная