Қазақстандықтардың жеке деректері кімдерге сатылған: ҰҚК Астана мен Алматыда арнайы операция жүргізді

Қазақстандықтардың жеке деректері кімдерге сатылған: ҰҚК Астана мен Алматыда арнайы операция жүргізді Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлері Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинау және таратумен айналысты деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлері Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинау және таратумен айналысты деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматыда ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинау және таратуға күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті.

Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты Интернет желісінде сатып келген.

Жарнама
Жарнама

"Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама