"Қазақстандықтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-бот іске қосылған жоқ" - Еңбек министрлігі

Иллюстрациялық сурет

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі адамдардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қосқан жоқ. Мұндай хабарды ведомствоның баспасөз қызметіндегілер таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты фейк.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды. Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері жалған ақпарат тарату - заңмен қудаланатынын еске салды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама