ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қазан 2023 | 14:29
Қазақстандықтардың жеке деректерін көрсететін Telegram-боттар бұғатталды
ЦДИАӨМ қазақстандықтардың құпиялылығын және олардың дербес деректері қауіпсіздігін бұзатын Telegram-боттың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ЦДИАӨМ қазақстандықтардың құпиялылығын және олардың дербес деректері қауіпсіздігін бұзатын Telegram-боттың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректеріне қолжеткізуге мүмкіндік беретін Telegram-боттардың заңсыз қызметінің жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Telegram әкімшілігімен өзара іс-қимыл кезінде 8 Telegram-боттың қызметі бұғатталды.
Бұл ретте, осы жылдың 28 қазанында азаматтардың құпиялылығына және олардың дербес деректерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген Telegram-боттың қызметі тоқтатылды.
Дербес деректердің таралып кету қаупін азайту және оларды заңсыз жинау және өңдеу фактілерінің жолын кесу мақсатында азаматтарды мұндай Telegram-боттарды пайдаланбауға және насихаттамауға, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді көздерде және әлеуметтік желілерде қалдырмауға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Мұндай Telegram-боттарды пайдалану олардың иелеріне ID, аты, тегі, лақап аты, "өзі туралы" бөлім және қосымшада орнатылған тіл сияқты жеке деректерге қолжеткізуге мүмкіндік беретіні айтылған.
"Сонымен қатар, бұл аккаунтты бақылауды жоғалтуға немесе жазбаға қолжеткізу және пайдаланушы атынан хабарлама жіберу мүмкіндігі сияқты параллельді пайдалануға алып келуі мүмкін.
ҚР ЦДИАӨМ осындай Telegram-боттар анықталған жағдайда, азаматтардың дербес деректерді қорғау құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін министрлікті бұл жайлы тікелей хабардар етуді сұрайды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также