24 қаңтар 2023 | 09:26

Қазақстандықтардың салымдары бойынша өтемақылардың жалпы сомасы аталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандықтар депозиттер бойынша өтемақы алуға 304,4 миллиард теңгеге өтініш берген. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар депозиттер бойынша өтемақы алуға 304,4 миллиард теңгеге өтініш берген. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023 жылдың 20 қаңтарындағы жағдай бойынша банктер теңгелік салымдар бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеуге 304,4 миллиард теңгеге өтініштер қабылдады. Бұл мемлекет тарапынан төленуге жататын өтемақының әлеуетті сомасының 92,3 пайызын құрайды", - деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ).

Барлығы 5 миллионнан астам салымшының салымы өтемақыға жатады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1 миллион теңгеден аса депозиті бар азаматтардың 94 пайызы өтемақы алуға өтініш білдірген.

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкі әзірлеген бағдарламаның Қағидаларына сәйкес келетін барлық депозиттерге, олардағы ақша қалдығының мөлшеріне қарамастан, сыйлықақы есептелетіндігін еске салғымыз келеді. Банктерге барып, өтемақы алуға келісімін әлі растамаған депозиторлар соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 10 ақпанына дейін келісімін растай алады. Өтінішті банктердің бөлімшелерінде немесе мобильді қосымша арқылы онлайн түрінде беруге болады. Банктер өтемақыны 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төлей бастайды. 10 пайыздық өтемақы есептелуі мүмкін максималды сома бір банкте 20 миллион теңгені құрайды", - деді ҚДКБҚ Төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

Еске салайық, сыйлықақы алудың басты шарты - салым соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақталуы тиіс. Өтемақы депозитте жыл барысында сақталған ең аз сомаға есептелетін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная