ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2020 | 16:30
Қазақстандықтардың төленбеген салықтары үшін өсімпұлдары есептен шығарылады
Қазақстанда жеке тұлғалардың төленбеген салықтары үшін өсімпұлдары есептен шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда жеке тұлғалардың төленбеген салықтары үшін өсімпұлдары есептен шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарды қолдауға бағытталған 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды.
Құжатта жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық туралы норма қарастырылған.
Айта кетейік, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған және оны төлеу күнінен кеш есептелген жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша өсімақылар есептен шығарылады.
"Салық бойынша негізгі борыш сомасын төлеу есептен шығарудың басты шарты болып табылады. Өсімпұл төленген салықтың түрі бойынша есептен шығарылады.
2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде төленуі қажет 2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығы бойынша міндеттемелер қосылмайды.
Салықтық рақымшылық жасау мерзімі - 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылады.
"Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты есептен шығарылады", - деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі өкілі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также