Қазақстандықтардың тіркелмеген номері 1 қаңтардан бастап өшіріледі
Ұялы телефонының номері тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Бұл туралы Қазақстан ІІМ мамандары ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұялы телефонының номері тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Бұл туралы Қазақстан ІІМ мамандары ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап IMEI-код + SIM-карта + ЖСН схемасы бойынша абоненттік құрылғыларды міндетті тіркеу бойынша ережелер күшіне енеді.
"Тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Осыған байланысты азаматтарға биыл жыл соңына дейін байланыс құралдарын тіркеуден өткізу керек. Ұялы байланыс операторларының филиалында дүрлікпе тудырмау үшін тіркеуді алдын ала жасауға кеңес береміз", - деді ІІМ мамандары.
Ведомстводағылардың айтуынша, бұл бірінші кезекте азаматтардың мүддесін қорғау үшін жасалады. Егер адамның телефоны тіркелгеннен кейін ұрланса, оны база арқылы тауып, кімнің қолданып жүргенін білуге болады. Егер құрылғы IMEI-код базасынан ұрланған деп шықса, оператор байланысты бұғаттай алады.