27 ақпан 2022 | 11:52

Қазақстандықтардың Украинадан эвакуациялануы: жолаушылар отырған автобус Польша шекарасынан өтті

Украинадан эвакуацияланып жатқан қазақстандықтардың видеосы пайда болды. Ондаған жолаушы отырған алғашқы автобус Польша шекарасынан өтті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украинадан эвакуацияланып жатқан қазақстандықтардың видеосы пайда болды. Ондаған жолаушы отырған алғашқы автобус Польша шекарасынан өтті, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

"Бүгінде Украинадан Польша шекарасына ондаған жолаушы өтті, қалған жолаушылар әлі де көлік кептелісінде қалды. Жақын арада олар да шекарадан өтіп, Катовице қаласындағы әуежайға жеткізіледі деп отырмыз. Ол жерден жолаушыларды "Эйр Астана" компаниясының рейсімен алып кетеді", - дейді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.  

Кептеліске байланысты азаматтарымызды елге қайтару операциясы ойдағыдай тез өтпей жатыр, бірақ дипломаттар отандастарымыз елге оралуы үшін бар жағдайды жасап жатыр. 

Реклама
Реклама

Жақында алғашқы арнайы рейс бүгін Катовицедегі әуежайдан ұшуы керек болғаны айтылған. Атырауға техникалық қонудан кейін Алматыға келеді деп жоспарланған. Алайда оқиға орнындағы жағдац минут сайын өзгеріп жатыр. Сыртқы істер министрігінен расталған ақпаратты күтеміз. Ведомство өкілдері сабыр сақтауға шақырды. Жақында тағы басқа рейстер жасаладыг. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, эвакуация жасауға шамамен 500 өтініш түскен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная