27 шілде 2021 | 11:46

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12,8 триллион теңге болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12,8 триллион теңге болды. БЖЗҚ 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының алдын ала қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12,8 триллион теңге болды. БЖЗҚ 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының алдын ала қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының есепшотында 12,8 триллион теңге зейнетақы жиналды. 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін зейнетақы жинақтарының сомасы 992 миллиардтан аса теңгеге немесе 8 пайызға өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 триллион теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім - 8 пайыз). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 331,5 миллиард теңге (өсім 18 пайыз), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,8 миллиард теңгеге жетті.

Реклама
Реклама

2021 жылдың алты айында БЖЗҚ салымшылары былтырғымен салыстырғанда көбірек қаражат салған.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың шотына жалпы көлемі шамамен 811,8 миллиард теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 286,8 миллиард теңгеге немесе 55 пайызға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,6 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер, олардың сомасы - 602,2 миллиард теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім 20 пайыз), МКЗЖ бойынша 27,3 миллиард теңге (өсім 14 пайыз) түсті, ЕЗЖ бойынша 299 миллион теңге (өсім 39 пайыз) аударылды.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі, салымшылардың салымынан бөлек, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында 753,3 миллиард теңге болған таза инвестициялық табыстың арқасында. Ол былтырғы көрсеткіштен 39 пайыз немесе 210 миллиард теңгеге артық.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кіріс жыл басынан бері 1 шілдеге дейін 6,1 пайыз, инфляция 4,6 пайыз болды. Соңғы 12 айдағы кірістілік 12,1 пайыз, осы кезеңдегі инфляция 7,9 пайыз болды.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 миллион болды. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны - 10 907 549. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 526 674, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 47 490 бірлікке тең.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 1,7 триллион теңгеден аса төлем жасалды. Төлемдердің 1,6 триллион теңге көлеміндегі басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) болды. Жас мөлшері бойынша төлемдер екінші орында - 46,8 миллиард теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 37,7 миллиард теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 30,5 миллиард теңгені, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер 17,3 миллиард теңгені, жерлеуге берілген төлемдер 2,5 миллиард теңгені және мүгедектік бойынша төлемдер 1,1 миллиард теңге болды.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 708 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная