15 ақпан 2024 14:47

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары Air Astana-ға инвестицияланды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

БЖЗҚ зейнетақы активтерін IPO аясында Air Astana АҚ акцияларына инвестициялады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БЖЗҚ зейнетақы активтерін IPO аясында Air Astana АҚ акцияларына инвестициялады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 24,9 миллиард теңгеге Air Astana АҚ-ның жай акциялары сатып алған.

Реклама
Реклама

"Air Astana АҚ-ның сатып алынған жай акцияларының жалпы саны 23 168 975 дананы немесе шығарылған компания акцияларының жалпы санының 6,5 пайызы болады", - делінген хабарламада.

Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақмерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді, делінген ресми ақпаратта.

"БЖЗҚ зейнетақы активтерін Air Astana АҚ-ның жай акцияларына инвестициялау туралы шешім тұрақты қаржылық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақта тұрақты дивидендтер төлеуге мүмкіндік беретін компания қызметінің жоғары рентабельділігіне негізделді. Осы инвестициялар іс жүзінде БЖЗҚ салымшыларына Орталық Азияның авиациялық нарығындағы көшбасшылардың біріне акционер болуға мүмкіндік береді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram