ПОДЕЛИТЬСЯ
09 желтоқсан 2022 | 14:21
"Қазақстандықтарға 193 мыңнан төленеді". WhatsApp-та тағы бір жалған ақпарат тарады
WhatsApp-та қазақстандықтар еліміздің әрбір азаматына "193 817 лв" мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
WhatsApp-та қазақстандықтар еліміздің әрбір азаматына "193 817 лв" мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
Хабарды таратушылар бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлаудан кейін мәлімдеді деген. Басылым бұл ақпараттың фейк екенін анықтады.
Хабарламаны оқығанда көзге түсетін бірінші нәрсе - адамдарға қаражат төленетін валюта - лв. Лв болгар ұлттық валютасының белгісі. Қазақстанда бұл валюта пайдаланылмайды және ешқандай мемлекеттік төлемдер жүргізілмейді.
Сонымен қатар, төлемді алу үшін қандай да бір ресми ресурсқа емес, Fi-fa Qatar мекен жайы бойынша сайтқа өту ұсынылатынына назар аударған жөн. Іс жүзінде ҚР азаматтары атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдерді тек eGov.kz порталында ғана бере алады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке қайта сайланған жағдайда, жаппай ақшалай төлемдер жасалатыны туралы сөзі де шындыққа жанаспайды. Оның сайлауалды науқанында бұл туралы ештеңе айтылған жоқ.
"Хабарламада аталған қазақстандықтарға төленетін төлемдер туралы БАҚ-та да, мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да ақпарат жоқ. Демек, таралған хабарлама өтірік.
Мұндай платформаларды кибер алаяқтар жасайды. Осылайша, олар пайдаланушылардың жеке деректерін иемденіп, оларды өз мақсаттарында пайдаланады", - деп жазған басылым.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также