ПОДЕЛИТЬСЯ
07 тамыз 2024 | 10:00
Қазақстандықтарға 3,3 миллиард теңге жалақы төленбеген
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 36,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 36,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 259 кәсіпорны 14,9 мың жұмыскерге 3,3 миллиард теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен қатар, түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 5,6 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталған.
"Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,6 миллиард теңге төленді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также