22 желтоқсан 2023 | 15:09

Қазақстандықтарға Астанаға көшуге шектеу қойыла ма? Әкім жауабы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектен өңірлерден елордаға азаматтардың көшуі шектеле ме деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектен өңірлерден елордаға азаматтардың көшуі шектеле ме деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Унитарлы мемлекетпіз, Астанаға көшетіндерді шектеу, ондай сұрақтар болуы мүмкін емес. Бұл барша қазақстандықтың астанасы, олардың мұнда келуге құқығы бар. Жалғыз жауап осы болуы мүмкін", - деді Қасымбек журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Әкімнің айтуынша, Астана инфрақұрылымына байланысты көші-қон ағынына дайын емес.

"Расында, коммуналдық-тұрмыстық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым бойынша көші-қон қарқынынан белгілі бір артта қалу бар, сондықтан қазір тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Жоғарыда айтылғандай, мектептер мен медициналық мекемелердің, мектепке дейінгі білім беру нысандарының көптеп салынуы. Бүгін осы мәселеге қатысты мәселелердің барлығы дерлік көтерілді, сонымен қатар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының құрылысы: жылу, су, электр энергиясы және т.б. Сондықтан, бұл мәселелерді жедел шешуге тырысамыз", - деді Қасымбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная