ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қаңтар 2020 | 13:05
Қазақстандықтарға Bek Air билеттерін сатып алмауға кеңес берілді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері қазақстандықтарға Bek Air рейстеріне билет алмауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы маңында Fokker 100 әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты қазақстандық Bek Air әуекомпаниясының қызметі белгісіз мерзімге оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін тоқтатылды, сол себепті азаматтардың Bek Air әуекомпаниясының рейстеріне билет алмауға кеңес береміз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Әуе апаты салдарынан 12 адам қаза тапқан. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады.
Показать комментарии
Читайте также