ПОДЕЛИТЬСЯ
07 наурыз 2024 | 12:40
Қазақстандықтарға қатысты тыңшылық деректер: ҰҚК не анықтады?
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға қатысты тыңшылық деректер ісін тергеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға қатысты тыңшылық деректер ісін тергеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің тарап кетуіне шетелдік барлау қызметінің қатысы анықталмағанын хабарлады.
"Бұл ретте соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде бұрын тіркелген үш қылмыстық іс шеңберінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 210-бабы 2-бөлігі бойынша ҰҚК Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандарына қатысты зиян компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату деректері тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Бұл соталды тергеп-тексеру деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также