13 шілде 2023 | 09:44

Қазақстандықтарға коммуналдық шығындар өтемақысын қалай алуға болатыны түсіндірілді

Дина Шарипханова Корреспондент
© elements.envato.com

Аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтелмек. Үкімет бекіткен түзету болашақ тұрғын үй көмегін алушыларды қамтуды кеңейтуге және аз қамтылған азаматтарға қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтелмек. Үкімет бекіткен түзету болашақ тұрғын үй көмегін алушыларды қамтуды кеңейтуге және аз қамтылған азаматтарға қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

Биылдан бастап энергия көздерінің жабдықтарын кешенді жаңғырту, сондай-ақ электр, жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру басталды. Бұл апаттар санын азайтуға және жалпы ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

"Ол аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға коммуналдық қызметтер (жылу, электр және сумен жабдықтау, байланыс, лифт қызметі және т.б.) шығындарын өтеу үшін тоқсан сайын төленеді. Басты шарт – төлем алушының меншігінде Қазақстан аумағында бір ғана баспана болуы керек немесе ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жекеменшік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған баспананы жалға алушы (тең жалға алушы) болуы тиіс", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азаматтарға тұрғылықты жері бойынша әкімдікке жүгіну қажет.

Биыл Үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын сома отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысының 10 пайызынан асатын болса, тұрғын үй көмегі беріледі. Бұрын бұл көрсеткіш әр өңірге байланысты 2-20 пайыз аралығында болған. Бұл ретте әкімдіктер рұқсат етілген шекті деңгейді 10 пайыздан төмендетуге құқылы.

"Мысалы, егер отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысы 100 мың теңге, ал коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыны 15 мың теңге (табыстың 10 пайыздан астамын) болса, онда азаматтың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтем алуға құқығы бар", - делінген хабарламада.

Жалпы соңғы 4 жылда 174 мыңнан астам абонентке тұрғын үй көмегі үшін жалпы сомасы 5 миллиард теңге төленгені айтылды. Ал биыл 6 айда 31 мың отбасына 630,5 миллион теңгеге көмек көрсетілген.

Осылайша, коммуналдық қызметтер тарифтері көтерілген жағдайда өтемақы да ұлғаяды, яғни аз қамтылған азаматтардың шығындары ұлғаймайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram