Қазақстандықтарға көшедегі күдікті QR-кодтар туралы ескертілді

Қазақстандықтарға көшедегі күдікті QR-кодтар туралы ескертілді depositphotos.com

Қазақстанда алаяқтар азаматтарды алдау үшін көшедегі QR-кодтарды пайдалануы мүмкін. Бұл туралы полиция ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда алаяқтар азаматтарды алдау үшін көшедегі QR-кодтарды пайдалануы мүмкін. Бұл туралы полиция ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Құзырлы орган өкілдері қаскөйлердің түпнұсқа QR-кодтардың үстіне жалғандарын жапсырып, пайдаланушыларды қауіпті сайттарға бағыттай алатынын атап өтті. Сондықтан көшелерде, автобус аялдамаларында, кіреберістерде немесе жарнама стендтерінде орналасқан QR-кодтарды сканерлемес бұрын, олардың қауіпсіздігіне көз жеткізу қажет.

Мұндай сілтемелердің мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Алаяқтар азаматтардың дербес деректерін немесе банк карталарының деректемелерін алуға тырысады. Көбіне адамдар төлемді тиісті орынға жасап жатырмыз деп сенеді, алайда соңында қаражат қаскөйлердің шотына түседі.

Жарнама
Жарнама

Полиция күдікті QR-кодтардың негізгі белгілерін атады:

- QR-код басқа жарнаманың немесе хабарландырудың үстіне жапсырылған;

- хабарландыру ресми түрде рәсімделмеген;

- шұғыл әрекет етуге итермелейтін "Сыйлық алыңыз", "Тек бүгін", "Шұғыл сканерлеңіз" деген сияқты шақырулар қолданылады;

- ұйымның атауы немесе байланыс деректері көрсетілмеген.

Алаяқтардың құрығынан сақтану үшін полиция қызметкерлері беймәлім QR-кодтарды қажетсіз сканерлемеуге, сілтеме бойынша өтпес бұрын сайттың мекенжайын мұқият тексеруге, күдікті сайттарға жеке деректерді, банк картасының деректемелерін немесе SMS арқылы келген растау кодтарын енгізбеуге кеңес береді. Сондай-ақ белгісіз қосымшаларды орнатпауды және оларға қосымша рұқсаттар бермеуді, төлем жасау кезінде QR-кодтың ресми ұйымға тиесілі екеніне көз жеткізуді сұрайды.

"Егер сіз күдікті QR-кодты сканерлеп, жеке немесе қаржылық деректеріңізді енгізіп қойсаңыз, дереу банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз", - деп кеңес берді құқық қорғау органдары.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама